Талдықорғанда жаңа автовокзал салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында жолаушыларға қызмет көрсететін бірнеше нысан салынады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Талдықорған қаласында автовокзал, Кеген, Бақанас елді мекендерінде автостансалар, жолаушыларға қызмет көрсететін 14 пункт, 43 такси тұрағы салынатын болады. Бұл туралы облыс әкімдігінің отырысында мәлім болды.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жасыбаевтың хабарлауынша, арнайы құрылған комиссия биылғы жылдың ақпан айынан бері өңірдегі 9 автостанса мен Қапшағай қаласындағы автовокзалдың ұлттық стандарт талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуде. Аталмыш жұмыстар аяқталып, тиісті шаралар қабылданғаннан кейін стандартқа сай келетін жолаушыларға қызмет көрсететін нысандардың саны артатын болады.

Соңғы жаңалықтар