Талдықорғанда жаңа балабақша ашылады

ЛДЫҚОРҒАН. 23 қараша. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Талдықорған қаласында мемлекеттің қолдауымен салынып жатқан қазіргі заманға сай балабақша 145 бүлдіршінді қабылдай алады.
None
None

«НАК» ЖШС Алматы облысы бойынша жүргізіліп жатқан «Бизнестің жол картасы 2020» стратегиялық бағдарламасы аясындағы бірінші бағыттың қатысушысы болды.

«Даму» «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалының директоры Ринат Талтүсовтің айтуы бойынша, қаржыландыруға байланысты дайындалып жатқан үш жақты келісім бойынша балабақшаны салу үшін кәсіпкер «Альянс Банк» АҚ-дан алған несиенің 7%-ын мемлекет төлейтін болады.

Мектепалды білім беру жағдайын жақсартумен қатар жоба қалалықтар үшін 41 жұмыс орнын ұсынады.

Бүгінгі күні балалардың мектепалды мекемелерінде қамтылуы 56,5%-ды құрайды.

Соңғы жаңалықтар