Талдықорғанда жаңа Салтанат сарайы мен Драма театр бой көтереді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысы орталығы Талдықорған қаласында елімізге белгілі архитекторлардың қатысуымен болашақта қалада салынуы жоспарланып отырған ғимарат жобаларының үздік эскиз-идеясының конкурсы өтті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Айта кетелік, биылғы жылы облыс орталығы Талдықорған қаласында жаңадан «Салтанат сарайы», «Драма театр» мен «Көрме кешені» бой көтермек.

Осыған орай, еліміздің әр аймағынан жинақталған 10-ға жуық конкурсқа қатысушы архитекторлар өздерінің жоғарыда аталған 3 ғимараттың кешендік жобасын әзірлеп, көрмеге ұсынды.

Шара барысында облыс әкімі Амандық Баталов байқаудың маңыздылығына тоқталды. -Біз алдағы уақытта қаламызда бірқатар жаңа ғимараттарды салуды жоспарлап отырмыз. Жастардың отбасын құрып, жаңа өмірге аттаған қадамдары әсем ғимараттан басталғаны дұрыс. Осы себептен де бізге «Салтанат сарайы» қажет. Бүгінгі комиссия құрамында еліміздің үздік архитекторлары қатысып отыр. Елбасы Н.Назарбаев Астананы қалай көрікті, әсем етіп тұрғызды. Біз де Талдықорғанды солай жасауға тиіспіз. Бүгінгі көрмеде ұсынылып отырған бірқатар эскиздер арасынан біз таңдау жасап және комиссия шешімін ескере отырып қаламыздың климатына ыңғайлы деген жобаны таңдайтын боламыз. Конкурсқа қатысушылардың барлығы оларға қойылған қатаң талаптарды сақтай білді. Алдағы уақытта жобалық-сметалық құжаттар әзірленетін болады. Содан кейін құрылыс жұмыстарын бастаймыз, - деді облыс әкімі Амандық Баталов.

Көрмеде Қазақстан Республикасы архитекторлар Одағының Президенті Ақмырза Рүстембеков құттықтау сөз сөйлеп, облыс әкімі Амандық Баталов құрылыс басшыларына Құрмет грамоталарын табыс етті.

Соңғы жаңалықтар