17:29, 24 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Талдықорғанда жасанды қара уылдырық шығару және қалбырлау цехы ашылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Атақты кәсіпкер, талдықорғандық дүкендер желісінің иесі Александр Розенкрон облыс орталығынан жасанды қара уылдырық шығару және қалбырлау цехын ашты.

Цехтың өнімділігі - тәулігіне жүз келіден астам уылдырық шығару. Технология бояғыштар мен консерванттарды пайдалануды жояды. Тауарлар сертификатталған. Жасанды уылдырықтың орташа өзіндік құны 450-500 теңгені құрайды. Ол табиғи уылдырықтан жүз есе арзан.