18:48, 28 Қазан 2015 | GMT +5
Талдықорғанда жолаушылар автобусы өртеніп кетті (ФОТО)
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 17:05-те Алматы облыстық ТЖД өртке қарсы қызметінің кезекшілік бөліміне Талдықорған қаласында бағдарлы автобустың өртеніп, жарылғаны туралы хабарла келіп түскен.

Облыстық ТЖД-ның хабарлауынша, оқиға орнына шұғыл жағдайда өрт сөндіру қызметі жіберілді. Жол полициясының қызметкерлері автобус өртенген аумақты қоршауға алды.
№4 бағдарлы автобустың жүргізушісі салонда болған 25 жолаушыны қауіпсіз жерге шығарып үлгерді, олардың ешқайсысы жараланған жоқ.
Ведомствоның ақпаратынша, көлік құралы электр сымдарының тұйықталуы себебінен өртенді. Өрт бірден сөндірілді.