Талдықорғанда «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы өтті

«Ән салған қолдар» конкурсының жүлдегері Арман Дүйсембина әннің мазмұнын, әуенін ыммен, бет-дене қозғалыстарымен жеткізе біледі. Арманмен бірге «Жүректен жүрекке» акциясына облыстың бес ауданы мен Текелі және Талдықорған қалаларынан саңыраулар қоғамының өкілдері қатысты. Мне, осындай шаралар оған қатысушылардың өздерінің шығармашыл әлеуетін толығырақ ашуға көмектеседі.
«Бізге барлық аудандардан - Еңбекшіқазақ, Райымбек, Қаратал, Ескелді аудандары мен Текелі және Талдықорған қалаларынан келді. Қоғамда талантты жастар жетерлік - олар «Ән салған қолдар» республикалық конкурсының жүлдегерлері. Кореяда болып қайтқандар да бар», - деді сурдоаудармашы Зейнегүл Жаңабаева.
ҚР мүгедектер күніне арналған әлеуметтік жоба ауқымында Алматы облыстық саңыраулар қоғамы «Папа, мама және мен - спорттық отбасымыз» сайыстарын өткізді. Бұл жарыстарға ең батыл және шешімді, көңілді және тапқыр жеті команда қатысты. Ұйымдастырушылардың атап өтуінше, жақсы спорттық дәсүрлер отбасына қалыптасады, балалар мен қыздар ата-аналарының үлгісімен спорт пен дене шынықтыруға бауыр басады.