Талдықорғандағы Иоанн Богослов соборында Рождество мерекесі атап өтілуде

Жиналған қауымды мерекелерімен облыс басшысы Серік Үмбетов құттықтады. Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, салтанатты рәсімді Талдықорған шіркеу округінің лауазымды өкілі протоиерей Григорий Смурыгин ашып, одан кейін Алматы облысының әкіміне сөз берді.
С.Үмбетов өз сөзінде, Президент Н.Назарбаевтың ел экономикасын көтеру, халықтың әлеуметтік тұрмысын арттыру, көпұлтты елімізде тұрып жатқан ұлыстар арасындағы келісімді нығайту жолында көп істер атқарып жатқанын баса атап көрсетті.
«Мен Алматы облысы мен Талдықорған қаласының тұрғындарын, барша православ христиандарды Христостың туған күні - Рождество мерекесімен құттықтаймын және осынау айтулы күні сіздерге, 2010 жылы алтын күмбезді православ храмы мен мұсылман мешітінің құрылысын аяқтауымыз керек екенін айтқым келеді. Оған біздің мүмкіндігіміз мол», деді әкім өз сөзінде.