Талдықорғандағы «Шаған» базарында сауда орнының ақысы арзандатылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Талдықорғанда инфляцияны, әсіресе азық-түлік секторындағы инфляцияны ауыздықтау бағытында белсенді жұмыстар атқарылуда.
None
None
Қаладағы «Шаған» сауда орталығының дирекциясы ақпанның 19-ынан бастап сауда орындарының ақысын 10-15 пайызға арзандатып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Шаған» сауда үйінің директоры Серік Құлжабековтың хабарлауынша, базардағы сатушыларды ынталандыру үшін тағы бір жүйе енгізіліп отыр. Сатушылар айына сегіз рет шығып, сауда орындары үшін алым төлемей-ақ, өз өнімдерін сата алады. Бұл жүйе 2008 жылдың желтоқсан айынан бері жұмыс істеп келеді және ол ағымдағы жылдың ақпан айының соңына дейін созылады.
Соңғы жаңалықтар