Талдықорғандық 100 оқушы ЭКСПО көрмесін тамашалауға аттанды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорғаннан 100 оқушы мінген автокөліктер Астанаға аттанды. Мақсат - Елордамыздағы əлем көз тіккен «EXPO- 2017» халықаралық көрмесін тамашалау, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқушыларды ұзақ та қызықты сапарға шығарып салған Талдықорған қаласы əкімінің орынбасары Нұрлан Мəмбетжанов балаларға сəт сапар тіледі. Айтуынша, бұл оқушылардың бəрі оқу озаттары. Əрі əлеуметтік жағдайы төмен отбасының балалары да  тізімге енген.

Көрме аяқталғанша 300-ден астам талдықорғандық оқушы Астанаға баратын болады. Олардың жол жəне жатын орындарының шығындарын облыстық білім басқармасы өтейді.

null null null null 

Соңғы жаңалықтар
telegram