Талдықорғандық екі полицей «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласында Отан қорғаушылар күніне және Жеңістің 72 жылдығына арналған салтанатты шаралар жалғасуда. Бүгін Алматы облысының полицейлері орталық саябақтағы «Данқ» ескерткішінің алдында Екінші дүниежүзілік   соғыстың батырларына тағзым етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

null
Ескерткіш алдына полицейлер гүл шоқтарын қойып, бір минуттық үнсіздікпен соғыста қаза тапқан батырларды еске алды.

«Бүгін біз өз өмірлерінің бағасымен еліміздің тыныштығы күзетінде тұрған барлық Отан қорғаушыларға құрмет көрсетудеміз. Бұл күн қазақстандықтардың  соғыс жылдарындағы ерлік істерінің жылнамасы және Отанға қызмет ету дәстүрінің сабақтастығы сынды. Бабаларымыздың ерліктері Жеңістің даңқ мұрасы ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса береді», - деп өз сөзінде Алматы облысы ІІД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Ұрұмханов айтып өтті.
null 

Жеңіс күні қарсаңында Талдықорған қаласының екі полиция қызметкері  - аға лейтенант Серікбек Алпысбеков және аға сержант Мақсат Әлиев өрттен адамдарды құтқарған ерліктері үшін мемлекеттік награда - «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің және облыстық ІІД басшылығының бұйрықтарымен 200 полиция қызметкері түрлі арнайы әскери атақтармен, алғыс хаттармен және  «Құқық тәртібін қамтамасыз еткені үшін»,  «Ішкі істер органының үздігі» төс белгілерімен марапатталды.

Шараның соңында өңірдің полицейлері ардагерлер мен қонақтардың алдынан оркестрдің салтанатты әуені аясында «Жеңіс күні» әнін орындап, саптық жүріспен өтті.

Сондай-ақ, облыстық полиция басшылығы құттықтауларымен және сыйлықтарымен соғысқа қатысқан жəне тыл ардагерлерін аралап құттықтады.
null 

Соңғы жаңалықтар