Талдықорғандықтар Астанаға өз лебіздерін жіберді

АЛДЫҚОРҒАН. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Талдықорғанның адам көп жиналатын жерлерінің бірі - Арбат алаңында Қазақстан елордасының туған күні қарсаңында «Бірлігіміз - жарасқан!» патриоттық науқанының шеңберінде «Астанаға лебіз» жастар акциясын өткізді.
None
None

Акция Астананың 12 жылдық мерейтойына арналды. Ал іс-шараның негізгі мақсаты - жас ұрпақты патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу.

«Жоғары мемлекеттік деңгейдегі шаралардың бірі - Астананың туған күніне де аз ғана уақыт қалды. Қазақстанның атаулы күніне арналған шаралар еліміздің түкпір-түкпірінде көптеп өткізілуде. Бұл шаралар ең алдымен, өскелең ұрпақ санасында өркендеу мен бірліктің нышаны болып отырған елордамызға деген терең құрметті мықтап сіңіруге мүмкіндік беріп отыр», - дейді «Жетісу жастары» жастар орталығы директорының орынбасары Гауһар Жармұханбетова.

После завершения акции плакат с надписями и автографами будет направлен в Астану, где займет свое место в карте Казахстана, сформированной из плакатов, присланных со всех регионов страны. В праздничные дни эта карта будет украшать одну из центральных улиц столицы.

Акция аяқталғаннан кейін жастардың қолтаңбалары мен лебіздері басылған плакаттар Астанаға жол тартып, еліміздің барлық аймақтарынан жіберілген осы секілді плакаттардан жасалған Қазақстан картасынан өз орнын алмақ. Мереке күндері бұл карта елорданың орталық көшелерінің біріне көрік беріп тұрмақ.

Соңғы жаңалықтар