Талдықорғанға 257 «Алтын белгі» иегері жиналды

ТАЛДЫҚОРҒАН. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Талдықорғанның орталық алаңында 257 «Алтын белгі» иегеріне салтанатты түрде алтын медальдар табыс етілді.
None
None

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталов түлектерді мектеп бітірулерімен құттықтап, барлық үздік оқушыларға оқу үздігі белгісін беріп, олардың қалаған ЖОО-ға түсулеріне тілектестігін білдірді.

Оқу үздіктерінің арасында Қарасай ауданы «Үміт» мектебінің түлектері, 120 балл жинаған Дінмұхамед Күзиев және 112 ұпай жинаған Фархат Ширханов бар. ҰБТ қорытындылары бойынша осы ауданның түлегі Мақпал Гаухарбекова 125 ұпай жинап, ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген.

Соңғы жаңалықтар