Талдықорғаннан 150 бала Балқаш жағалауында демалады (ФОТО)

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаевтың бастамасымен бір топ бала Балқаш көлі жағасында демалуға аттанды. Көп балалы, толық емес отбасынан шыққан балалар айдын көл жағасында болуға мүмкіндік алды.
None
None

Талдықорған әкімінің орынбасары Мәрлен Көлбаевтың айтуынша, топта 150 бала бар. Балалардың қауіпсіздігі үшін бірқатар сақтық шаралары жасалды - демалысқа аттанған балаларды полиция бастап алып жүрді, көл жағасындағы судан құтқару қызметінің құрамы күшейтілді.

Балаларға арналған ас мәзірі кәсіпкерлер құқығын қорғау басқармасының кеңесімен жасалды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұнда бұдан кейін де демалатын балалардың  кезекті тобы жасақталады. 

null null null null 

Соңғы жаңалықтар