Талғар өзені маңындағы «Спутник» балалар лагерінен 400 бала қауіпсіз жерге шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Талғар өзені маңында орналасқан «Спутник» балалар лагерінен 400 бала қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен.
None
None

Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматы облысында Комсомолка мұздығының астында жаңбыр салдарынан Талғар өзенінде сел түзілді. Қазіргі кезде «Үлкен алаңқай» гидропостында су шығыны 17 куб м/с құрайды, ал төтенше жағдай тудыратын су шығыны деңгейі әдетте 45 куб м/с болады.

«Адамдардың қауіпсіздігі үшін Талғар өзенінің жоғарғы жағына жақын маңда орналасқан саяжайлар мен демалыс үйлерінен тұрғындардың бір бөлігі қауіпсіз жерлерге шығарылуда. «Спутник» балалар лагерінен 515 адам эвакуацияланды, оның ішінде 400 бала бар», делінген хабарламада.

Бұл жұмыстарға Алматы облысы мен Алматы қаласының ТЖ департаменттері мен полиция бөлімшелері жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар