Талғар өзенінде сел түзілуіне байланысты адамдар қауіпсіз жерге көшірілуде - Алматы облысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында Комсомолка мұздығының астында жаңбыр салдарынан Талғар өзенінде сел түзілді, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен.
None
None

Қазіргі кезде өзен ағымы бойынан төмендегі гидропостта су шығыны 27 куб м/с құрайды, ал төтенше жағдай тудыратын су шығыны деңгейі әдетте 45 куб м/с болады. Адамдардың қауіпсіздігі үшін Талғар өзенінің жоғарғы жағына жақын маңда орналасқан саяжайлар мен демалыс үйлерінен тұрғындар қауіпсіз жерлерге шығарылуда. Бұл жұмыстарға Алматы облысы мен Алматы қаласының ТЖ департаменттері мен полиция бөлімшелері жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар