Талғарда алаяқ банк борышкерлерін алдап соқты

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 45 жастағы әйел ірі алаяқтыққа күдіктелуде, оған қарсы Талғардың бес тұрғынының шағымдарымен қылмыстық іс қозғалды.
None
None

Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ілкімді әйел өзін банк операцияларымен айналысатын фирма басшысы ретінде таныстырып, өзінің «клиенттеріне» әртүрлі банктегі несиелері қарыздарын «қайта қаржыландыру жолымен» жабуға уәде берген. Яғни клиенттің қарызын банктен фирма ақшасына сатып алады, одан әрі қарыздар ең төменгі пайызбен өтеледі-міс. Ал клиенттер қарызының жартысын жапса, несие қайтарымсыз жабылады.

Зардап шеккендердің көрсетуі бойынша, күдікті әйел 2008 жылдан бері осылайша әрекет етіп келген. Қазіргі кезде күдіктінің алаяқтық әрекеттері жөнінде Талғар АІІБ-ына жалпы көлемі 3 млн. теңгеге жуық 5 шағым түскен», - деп хабарлады ІІД.

Полиция 2014 жылы ұсталған әйелге қатысты осындай фактілер бойынша тергеу жүргізілгенін, алайда кейіннен тараптардың мәмілеге келуімен іс қысқартылғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар