09:24, 30 Шілде 2024 | GMT +5
Талғарда лагерьде демалып жатқан 25 бала тауға шығам деп адасып кетті
ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы облысында 26 адам құтқарылды.

Талғар ауданы Бесқайнар ауыл округі Таусамалы таулы аймағында құтқарушылар сауықтыру лагерінен 300 м қашықтықта жолдан адасқан ересек адам мен 8-15 жас аралығындағы 25 баланы іздеді.
Қабылданған шаралардың арқасында Республикалық жедел-құтқару жасағы адасқандарды тауып, қауіпсіз жерге жеткізді.
Демалушылар медициналық көмекке мұқтаж емес.