Талғарда медицина қызметкерлерін ұрып-соққан азаматтардың бірі қамаудан босатылды
Талғар қаласында медицина қызметкерлерін ұрып-соққандардың бірі кепілмен босатылды, деп хабарлайды Kazinform.
Талғар аудандық орталық ауруханасында дәрігер мен мейіргерін соққыға жыққан Алматы облысы тұрғындарының бірі кепілмен босатылды. Бұл туралы Талғар аудандық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.
"Берілген кепіл сомасы шамамен 1,2 млн теңгені құрады", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Еске салайық, Талғар аудандық ауруханасында әкесінің қайтыс болғанын естіген ұлдары медицина қызметкерлеріне күш көрсетіп, марқұмның денесін ұрлап кеткен.
Кейін Денсаулық сақтау министрлігі аталған оқиғаға қатысты пікір білдіріп, дәрігерлерді соққыға жыққандарды жазалауды талап етті. https://kaz.inform.kz/news/-b6e297/
Көп ұзамай екі күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілгені мәлім болды.