Талғарда іздеуде жүрген ер адам ұсталды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысында «Учаске» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жүріп жатыр.

Талғарда іздеуде жүрген ер адам ұсталды
Фото: Видеодан алынған скрин

Аталған іс-шара шеңберінде полиция қызметкерлері кең ауқымда тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 22 күн ішінде 108 123 тұрғын үй нысаны, оның ішінде 30 020 көпқабатты және 78 103 жеке үй тексерілген.

Тексеру жүргізу барысында Қайнар ауылдық округінің жайылымыдық аумағында сот шешімі бойынша Қарағанды облысында іздеуде жүрген ер адам ұсталды. Бұған дейін ол қылмыстық жауапкершілікке тартылып, «шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған» есебіне алынғаннан кейін профилактикалық бақылаудан жалтарғаны анықталды.

— Қазіргі уақытта ұстап алынған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалып, әрі қарай процессуалдық шаралар қабылдау үшін іздеуді ұйымдастырған органға тапсырылатын болады, — деп хабарлады полиция департаменті.

Еске салайық, бұған дейін халықаралық іздеуде жүрген күдікті Грузияда ұсталғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар