Талғарда жеткіншекті қағып кеткен полицей жұмыстан шеттетілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талғар қаласында жаяу жүргіншіні қағып кеткен полицей жұмыстан шеттетілді. Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Айман Мырзекованың айтуынша, қазір аталған жағдай бойынша  іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп  хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Талғарда жеткіншекті қағып кеткен полицей жұмыстан шеттетілді

ҚР ҚК 345 бабы  яғни, көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы бойынша іс тергеліп жатыр, деді А.Мырзекова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың 1 күні Талғар қаласында жол-патрульдік полициясының көлігімен полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетті. 17 жастағы ер бала жедел түрде ауруханаға жеткізілген болатын.