Талғардағы қаралы үйдің өртенуі - Бас прокуратура мәлімдеме жасады

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы облысында жанжал кезінде қайтыс болған Шерзат Болаттың үйі бүгін түнде өртенді. Бұл жағдайға байланысты Бас прокуратура мәлімдеме жасады.

Прокуратура
Фото: Максат Шагырбаев/ Kazinform

Бас прокуратура мәліметіне сәйкес, қылмыстық iс Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бақылауына алынды. Сондай-ақ қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.

- Талғарда жасөспірімді өлтіру ісі бойынша жәбірленушілердің үйін өртеу фактісіне қатысты 2024 жылғы 12 қазанда Бас прокуратураның басшылығымен қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шаралар қабылданатын болады. Қылмыстық iс Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бақылауына алынды, - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Еске салайық, сағат 00:50-де үйді жалын шарпыған. Өрт сағат 01:43-де толығымен жойылды

Бұған дейін 4 қазан күні Талғар қаласындағы төбелестен жасөспірім қайтыс болғанын жазғанбыз

Одан кейін Шерзаттың туған-туыстары мен Талғар тұрғындары ашық тергеу болуын талап етіп, наразылыққа шыққан болатын

Соңғы жаңалықтар