Талғат Алдыбергенов «Қазақстан темір жолы» басқарма төрағасы болып тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM – «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ұжымына жаңа басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті таныстырды.

Талғат Сағиұлы бұған дейін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Ол теміржол саласында 35 жылдан астам еңбек өтіліне ие. Алматы теміржол инженерлері институтын «Теміржол көлігіндегі тасымалдауды ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша үздік бітірген.
Сондай-ақ Ресей Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының экономика магистрі және экономика ғылымдарының кандидаты.
«Талғат Алдыбергенов еңбек жолын 1992 жылы Батыс Қазақстан теміржолында бастап, жүк кассирі, жүк пен багажды қабылдап-тапсырушы, станция бастығының орынбасары, аға жол коммерциялық ревизоры сынды қызметтерді атқарды», – делінген хабарламада.
1998-2007 жылдары ол «Қазақстан темір жолы» АҚ құрылымдарында түрлі лауазымдарда, соның ішінде Актөбе филиалының басшысы, «Казтранссервис» директоры, «ҚазМұнайГаз» Сауда үйінің көлік логистикасы департаментінің директоры болып қызмет етті.
2008-2019 жылдары «Кедентранссервис» АҚ президенті, «АвтоГазАлматы» ЖШС бас директоры, «Kazakhmys Maker» ЖШС басқарма төрағасы лауазымдарын атқарды. 2024 жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Айта кетейік, «Ұлытау» футбол клубының бас бапкері тағайындалды.