Талғат Байсуфинов екі апта оқшауланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті.
«Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Маруаұлы Байсуфинов осыдан 2 күн бұрын ПТР сынағын тапсыру кезінде оң нәтиже алып, вирус жұқтырғаны расталды. Бас бапкердің осыған дейін тапсырған тестілерінде мұндай байқалмаған. Екі апта бұрын Талғат Маруаұлы вирус жұқтырып оқшаулануға мәжбүр болған еді. Одан кейінгі сынама нәтижелері бірде оң, бірде сол екенін көрсетті. Айта кетуіміз керек, Талғат Маруаұлының денсаулығы бірқалыпты және жаттығу жұмыстарын онлайн жүргізіп те жатыр. Енді ертең тағы да сынақ тапсырып, ағзасында вирустың не бар, не жоқ екенін анықтап алмақ», - деп жазылған федерация таратқан хабарламада.
Талғат Байсуфинов өткен жылдан бастап ұлттық құрама бас бапкері қызметін атқарып келеді.
Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты Қазақстан D тобында сынға түсуде. Екі ойыннан кейін бір ұпай еншілеп, турнир кестесінде бесінші орында тұр.
Ұлттық құрама 1 қыркүйекте өз алаңында Украинаны қабылдайды. Одан кейін сырт алаңда 4 қыркүйекте Босния және Герцоговина, 7 қыркүйекте Финляндия құрамаларымен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, Бұдан бұрын Қазақстан мен Украина ойынына көрермендер тамашалауға мүмкіндік алғанын хабарлаған едік.