Талғат Ермегияев 4,2 млрд. теңге көлемінде қаржы жымқырды деп айыпталуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев заңсыз сыйақы
None
None

есебінде 4,2 млрд. теңге көлемінде қаржы алды деп айыпталуда. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Айгүл Шайымова мәлім етті.

«Талғат Ермегияев «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бірқатар лауазымды тұлғаларымен және мердігер компанияларының басшыларымен бірге аса ірі көлемде ақша жымқырды деп күдіктелуде. Тергеу амалдары кезінде Ермегияев жымқырылған қаражаттың ішінен заңсыз сыйақы есебінде 4,2 млрд. теңге көлемінде қаржы алғандығы анықталды. Қазіргі кезде 10 адам қамауға алынды», - деп атап өтті ол.

Талғат Ермегияев ҚР ҚК 176-бабының 4-тармағы бойынша (өзгенің мүлкін жымқыру) күдікті ретінде танылып отыр. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Астана ЭКСПО-2017» құрылыс департаментінің бұрынғы директоры Қажымұрат Үсенов ұсталып, үйқамаққа алынған болатын.

11 маусымда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен Талғат Амангелдіұлы Ермегияев «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінен босатылды. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы лауазымына елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар