Талғат Момышев Ұлттық аккредиттеу орталығына басшы болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының бұйрығымен Ұлттық аккредиттеу орталығының Бас директоры болып Талғат Момышев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: gov.kz

Талғат Амангелдіұлы Көкшетау облысы Щучье қаласында дүниеге келген. 1990 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, 2001 жылы Алматы экономика және статистика институтын бітірген.

1997-1998 жылдары Жамбыл стандарттау, метрология және сертификаттау орталығында бөлім бастығы, директордың орынбасары;

2000-2003 жылдары - «Метрология» РМК Алматы филиалының директоры;

2003-2005 жылдары - «Казсертико» РМК директорының бірінші орынбасары, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ өндірістік бөлімінің бастығы;

2005-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары;

2010-2014 жылдары ҚР Мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы, кейін ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы;

2017-2018 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;

2018-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары;

2019-2021 жылдары ҚР Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы, Энергетика министрлігінің Аппарат басшысы қызметін атқарған.

Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарған.


Соңғы жаңалықтар