Талғат Орынбасар Астанада дзюдодан өткен турнирде күміс медаль алды
АСТАНА.KAZINFORM - Бүгін Астана қаласында жалауын көтерген дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Талғат Орынбасар (60 келі) күміс медаль алды.

Қазақстандық балуан финалда ресейлік Изнаур Сааевпен алтын жүлдені сарапқа салды. Белдесу барысында ол қарсыласына вазари әдісімен жеңіліп қалды. Осылайша турнирдің күміс медалін қанағат тұтты.
Талғат Орынбасар қазірге дейін жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында үш мәрте қола медаль алды. Оған қоса Азия чемпионатында және Еуропа Кубогында бірнеше алтын еншіледі.
Ал 60 келіде жартылай финалда Аман Бақытжан Оңтүстік Корея балуаны Ли Харим, Мағжан Шамшадин франциялық Джин Энсоны қапы қалдырып, қола жүлдеге қол созды.

Сондай-ақ енді Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) финалда ресейлік Рамазан Абдулаевпен күреседі.
Аталған жарыс нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында әлемдік және олимпиадалық рейтингілерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, І орын үшін — 1 мың, күміс жүлдегерге — 700, ал қола медаль алғанға 500 ұпай есептеледі.
Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін бұл додаға 48 елден 400-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған.
Осыған дейін Астанадағы турнирде Талғат Орынбасар алтынға таласатыны туралы жаздық.