Талқылаудан кейін тоқтап қалған Көкжайлау жобасы алдағы уақытта қалай дамиды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы тау кластерін, оның ішінде Көкжайлау жобасы дамиды. Бұл туралы «Ұлттық шаңғы қауымдастығы» ЗТБ бас хатшысы Асқар Валиев мәлім етті. 

«Көк-Жайлау» жобасы дамиды
Фото: Александр Павкий/Kazinform

— Көкжайлау жобасы ерекше назар аударуға лайық. Ол экологиялық орнықты даму қағидаттарына, табиғи ресурстарды сауатты пайдалануға негізделген. Бүгінде бүкіл әлем осы бағытта жылжып келеді. Соңғы талқылаудан кейін Көкжайлау жобасы тоқтатылды, бірақ соған қарамастан біз бүкіл әлемде, әсіресе, біздің өңірде үлкен дамудың жүріп жатқанын білеміз. Шешуші қадам жасайтын уақыт жетті. Шымбұлақ пен Ой-Қарағай тау курорттарын біріктірейік, олардың арасында орналасқан шағын демалыс орындарының барлығын дамытайық. Біз Алматы тау кластерін, оның ішінде Көкжайлау жобасын дамытамыз, — деп атап өтті Асқар Валиев.

Сонымен қатар, ол Шымбұлақта халықаралық жарыстарды өткізу және жаттығулар үшін заманауи инфрақұрылым құру қажет екенін тілге тиек етті.

— Жұмыс істеп тұрған тау шаңғысы курорттарының, атап айтқанда, Шымбұлаққа келушілер саны шамадан тыс артқан. Бұл спортшылардың кәсіби дайындық мүмкіндіктерін шектейді, — деп атап өтті ол.

Айта кетейік, Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыда мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшылығы және отандық, халықаралық сарапшылар қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен саланы одан әрі дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

Соңғы жаңалықтар