Talks2050 форумында елорданың келешек келбеті талқыланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласындағы «Multispace coworking office Astana mall» ғимаратында «Мегаполис: тұрмысқа, әлде жұмысқа жайлы ма?» тақырыбында форум өтеді, деп хабарлайды astana.kz.
None
None

#Talks2050 - TED конференциясы форматындағы бейресми форум. Биылғы алғашқы #Talks2050 форумы Атырау қаласында өтті. Барлығы Атырау, Астана, Петропавл, Шымкент, Өскеменде 5 форум жоспарланған. Осы жолы бұқара назарына ұсынылатын тақырыптар: «Қазақстанның бас қаласының келешек келбеті қандай болуы тиіс? Қаланың ғаламдық урбанистикалық орталыққа айналуы елорда тұрғындарына қандай табыс әкелмек? Елорданы дамыту бағдарламаларында қала тұрғындарының мүддесі қаншалықты көзделген? Қала тазалығы мен ондағы тұрғындарға жасалған жағдайға қатысты елордалықтар ойын ашық айтып, нақты ұсыныстар беруге дайын ба?» - Спикер ретінде біз астананың дамуына тікелей қатысы бар, өз өмірін қаланың келбетін қалыптастыруға арнаған адамдарды шақырып отырмыз. Олар сәулетшілер, экономистер, саясаттанушылар, үкіметтік емес ұйым көшбасшылары, кәсіпкерлер мен өзге де белсенді қала тұрғындары. Олардың әрқайсының алдында көрерменге қызықты тәсіл арқылы Астанада сапалы өмір сүрудің стратегиясы туралы жеке тәжірибесімен бөлісу міндеті тұр, - дейді «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Данат Жұмин. Форум аясында 10 спикердің әрқайсысы 15 минуттан сөз алады. Яки, шамамен 3 сағат аясында форум қатысушылары әр саланың кәнігі мамандарының экономика, инженерия, бизнес, экология, мәдениет саласы тұрғысанан көзқарастары мен болжамдарын тыңдай алады. Іс-шараға 200-ден астам адам қатысады.

Соңғы жаңалықтар