#Talks2050 форумында Шығыс Қазақстан өңірінің бүгіні мен ертеңі талқыланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 тамыз күні Өскемен қаласында «#Talks2050: Шығыс Қазақстан - бүгін және ертең» форумын өтеді, деп хабарлайды «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының баспасөз қызметінен.
None
None

#Talks2050 - TED конференция форматындағы бейресми форум. Шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып, ШҚО әкімдігі қолдауымен «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы ұйымдастырады. 2015 жылдың алғашқы форумы Атырау, Астана, Петропавл, Шымкент қалаларында өтті. Бүгінгі күнге дейін Өскемен қаласымен қосқанда 5 форум өтетіні жоспарланған жоспарланған.

#Talks2050 форумына қатысушылар Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін аймақты дамытудағы қай сала тиімді екенін, мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау және негізгі қарқын мен күшті қайда жұмсау қажет екенін біле алады.

Шығыс Қазақстан облысы - даму қарқыны толастамайтын бай өңір. Кенді Алтайдың қойнауынан шыққан түсті металлдар және полиметаллдар аймақ экономикасының негізі. Қазірде ел бойынша инновациялық өнімнің 20%-ы Шығыс Қазақстан облысында шығарылады.

Тау, жазық дала, өзен-көлдер мен ну ормандар - шығыстың шырайын ашқан эко-туризмнің бір тармағы іспетті. Қытай және Ресей елдерімен шекаралас жатқан облыс сауда-экономикалық қарым-қатынастың нығаюына және сауда-саттықтың дамуына зор үлес қосып отыр. Сондай-ақ машина құрастыру кешені, ағаш өңдеу саласы, тамақ, жеңіл және энергетикалық, құрылыс индустриясы қарқынды дамып отыр.

Дегенмен, облыс аумағында шешімін күткен өзіндік мәселелер де жетерлік. Экономикалық тиімді болып саналатын ауыр өнеркәсіп саласы аймақтың экологиясына кері әсерін тигізіп жатыр. Әр жыл сайын облыс тұрғындарының саны азайып барады. Осы және басқа да сұрақтар «#Talks 2050: Шығыс Қазақстан: бүгін, ертең» форумы барысында қаузалады.

«Форумға спикер ретінде елдің дамуына үлесін тигізе алатын мамандар қатысады. Санаулы 2 сағаттың ішінде әрбір қатысушы аймақтың дамуы жайлы түрлі пікірлерді білікті де білімді азаматтардан ести алады», деп атап өтілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар
Референдум