Тамақтану орындары карантин талаптарын жиі бұзады - Қызылорда облысы

Жыл басынан бері өңірде 24 мониторингтік топ мүшелерінің қатысуымен 803 нысан рейдтік тексерістен өткен. Нәтижесінде 29 карантин талабын бұзушылық анықталды. Оның ішінде 20-ын қоғамдық тамақтану орындарында, 7-ін үй жағдайларында ұйымдастырылған мерекелік-көпшілік іс-шаралар құрайды.
«Облыста карантин талабын бұзудың 9-ы кәсіпкерлік субъектісінде тіркелген. Онда уақыт шектеуіне қарамастан жұмыс жалғасқан. Ал 3 нысанның персоналы жеке қорғаныш құралынсыз (маска) халыққа қызмет көрсеткен. Сонымен қатар, шамадан тыс адам жинап, іс-шара өткізу бойынша 8 дерек анықталып, шара көрілген. Тіркелген 29 карантин талаптарын бұзушылық бойынша жалпы сомасы 2 435 695 теңге көқлемінде әкімшілік айыппұл салынды», - деп мәлім етті Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, бұдан бұрын Қазалыда карантинге қарамастан мұғалімдер мектепте жиналыс өткізгенін хабарлаған болатынбыз.