Тамара Дүйсенова еліміздің өңірлеріндегі әлеуметтік қызметтерге ребрендинг жүргізбек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның өңірлеріндегі әлеуметтік қызметтерге ребрендинг жүргізіледі. Бұл туралы бүгін Қазақстан әлеуметтік қызметкерлерінің форумында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Маңызды бағыттардың бірі - жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік қызметтеріне ребрендинг жүргізу болмақ. Әлеуметтік қызметке қатысты аға буынға арналған мекеме деген сынды қалыптасқан таптаурын түсінік бүгінгі күні жастар мен жас отбасылардың тиімді жұмысына кедергі келтіруде. Осыған байланысты жастардың проблемасын шешу бойынша заманауи мәртебелі серіктес имиджін қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік қызметке ребрендинг жүргізу қажеттігі туындап отыр», - деді ол.

Министрдің атап өтуінше, аталған мақсатта жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін шектеу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

«Әлеуметтік қызмет барлық әлеуметтік бағдарламалар мен жергілікті атқарушы органдардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламаларының басты әкімшісіне айналады. Жұмыспен қамту орталықтары мемлекеттік қызметтерді көрсететін «бір терезе» қызметін орындайды», - деді Тамара Дүйсенова.

Соңғы жаңалықтар