Тамара Дүйсенова: Еңбек инспекциясын жергілікті әкімдікке беру қате шешім болды

тамара дүйсенова
Фото: Дамир Ерубаев

Бүгінде жергілікті әкімдіктерге қарайтын еңбек инспекциясы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қайтарылады. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Уәде» бағдарламасына сұхбат берген Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Оның атап өтуінше, 2013-2014 жылдары орталық органдардың көптеген қызметі жергілікті жерлерге берілді.

Сол уақытта Еңбек министрлігінің құрамында болған Еңбек инспекциясы да жергілікті жерлердегі мәселелерді жедел шешу үшін өңір әкімдеріне өтті.

«Әрине, олар жұмыс істеп жатқан жоқ деп айта алмаймын. Бірақ, ол қате шешімдердің бірі деп есептеймін. Сондықтан министрлікте жүрген кезімде де ұсыныс жасадық. Қазір осы ұсынысымызды Үкімет те қолдап отыр. Заңға енгізу мәселесін қарастырып жатырмыз. Еңбек инспекциясы қайтадан Еңбек министрлігіне қайтарылып, еңбек заңнамасын біртұтас қадағалап отыратын тәуелсіз бақылаушы орган ретінде құрылады», - деді Тамара Дүйсенова.

Соңғы жаңалықтар