Тамерлан Царнаевтың мәйіті туыстарына берілді

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Бостондық марафонның мәре сызығында болған жарылыстарды ұйымдастырды деген күдік келтіріліп отырған Тамерлан Царнаевтың денесі туыстарына тапсырылды.
None
None

Бұл туралы Би-Би-Си жазып отыр.

Массачусетс штатының қоғамдық қауіпсіздік департаменті өкілінің айтуынша, 2 мамыр, бейсенбі күні Царнаевтың туыстары оның мәйітін алып кеткен.

Еске салайық, Тамерлан Царнаев тәртіп сақшыларымен атыс барысында алған жарақаттардан ажал құшты. Оның інісі Джохар қолға түсті. Оған жаппай қырып-жоятын қаруды қолданды деген айып тағылып отыр.

15 сәуір күні Бостондағы марафонда мәре сызығында орын алған екі жарылыстан 3 адам қаза болды, 260-тан астамы жарақаттанды.

Соңғы жаңалықтар