Тамыз айында қазақстандық медицина мамандары Корея Республикасына тәжірибе алмасуға барады

   sp;  АЛМАТЫ. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Тамыз айында қазақстандық медицина мамандары Корея Республикасының Кенги -до провинциясына тәжірибе алмасуға барады. Бұл туралы Кенги-до провинциясы губернаторының Денсаулық сақтау  саласы жөніндегі арнайы кеңесшісі Бэ Кису бүгін  Алматыда өтіп жатқан медициналық туризмге арналған семинарда айтты,
None
None


деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «АҚШ, Жапония және Еуропа елдерімен салыстырғанда Корея Республикасында медициналық қызмет бағасы айтарлықтай арзан. Оның деңгейі  дамыған елдерден еш кем емес. Екі елдің арасында әуе қатынасының жиілігі мен тұрақтылығын және ұшу уақытының 6,5 сағатты алатынын ескерсек,  Еуропа елдері мен Израильден қашық емес екенін байқауға болады», дейді Кенги-до провинциясы губернаторының Денсаулық сақтау  саласы жөніндегі арнайы кеңесшісі Бэ Кису. Олар тамыз айында Қазақстаннан  20 адамды  медициналық турға шақырып отыр. Бұл сапар кезінде тәжірибе жинақтап, медицина мекемелерінен тексеруден өтуге жағдай жасалады.

   Кенги-до провинциясы 10 185 шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Ондағы тұрғындардың саны  11 миллион 600 мыңнан астам. Провинция құрамында 31 қала мен ауыл бар. Ал аумағында Хондай, КИА, Самсунг, R&D, LG Электроникс  сияқты компаниялар мен өндіріс орындары шоғырланған. 

Соңғы жаңалықтар