Тамыздың 20-21-інде Ереванда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бейресми саммиті өтеді

АСТАНА. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат - Тамыздың 20-сы күні Ереванда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қатысушы елдердің мемлекет басшыларының екікүндік бейресми саммиті өтеді, деп хабарлайды РБК агенттігі.
None
None

Армения Президентінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, саммит аясында ҰҚШҰ елдері мемлекет басшыларының бейресми кездесулері өтеді, сондай-ақ Ереванда және Севан курорттық қаласында жұмыс бабындағы талқылаулар және бірқатар екіжақты кездесулер өткізіледі.

Саммитте сонымен бірге, аймақтық қауіпсіздік мәселелері, оның ішінде ҰҚШҰ елдерінің ығыттар мен қауіптерге қарсы күрес мәселелеріндегі ынтымақтастығы талқыланбақ.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы - 1992 жылы мамырдың 15-інде қол қойылған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың негізінде ТМД елдері құрған әскери-саяси одақ. Ұйымға Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдері кіреді.

Соңғы жаңалықтар