Таңат Айдарбеков Талғар ауданының әкімі болып тағайындалды

None
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі және Алматы облысы әкімінің өкімімен Таңат Айдарбеков Талғар ауданның әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таңат Есенкелдіұлы 1971 жылы туған. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «экономист-бухгалтер» және 2017 жылы Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетін «құқық бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы «Қуаныш» акционерлік қоғамының есепшісі болып бастаған. Әр жылдары Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының экономика бөлімінің бас маманы, Түрксіб ауданы әкімі аппаратының бөлімі басшысы, Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары, Бостандық ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы лауазымдарын атқарған.

2021 жылдың маусым айынан Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы болып еңбек етті.


Фото: gov.kz



Соңғы жаңалықтар