Таңдаулы студентке ? атаулы стипендия

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 31-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттеріне "Құс жолы" қоғамдық қайырымдылық қоры тағайындаған "Қазкомның стипендиясы" атты атаулы білім гранты берілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл бағдарлама 2007 жылдан жүзеге асып келеді. Стипендия Қазақстанның 10 жоғары оқу орнында оқитын үлгерімі жақсы, университеттің қоғамдық өміріне белсене араласатын 3-4 курстың 30 студентіне арналған. Ай сайын 18 мың теңге көлеміндегі қаржы студенттің жеке шотына аударылады. Стипендияға үміткерлерді жоғары оқу орнының басшылығы ұсынады. Биыл "Құс жолы" қайырымдылық қоры 10 аймақтық университеттің әрқайсысынан 3 студентті таңдап алып, атаулы стипендияны салтанатты түрде тапсыруда. Осы грантты жеңіп алған Қорқыт ата атындағы университеттің "Хореография", "Педагогика және психология" мамандықтарының студенттері Мереке Талманова, Мөлдір Бимағамбетова, Гүлнәр Рысбаеваны "Қазкоммерцбанктің" облыстық филиалы басшылығы құттықтады. Салтанатқа қатысқан жастар банк басшылығына стипендианттарды таңдау критерийлері, білім несиелерінің пайыздық өсімі туралы сауалдар қойды.
Соңғы жаңалықтар