TANECO кубогы: «Барыс» «Ак Барс» командасымен кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 13 тамызда елордалық «Барыс» Ресейдің Қазан қаласында өтіп жатқан шайбалы хоккейден TANECO кубогында жергілікті «Ак Барс» командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

TANECO кубогы: «Барыс» «Ак Барс» командасымен кездеседі
Фото: hcbarys.kz

Кездесу елорда уақытымен 22.00-де басталып, «Qazsport» және КХЛ-ТВ телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Аталған турнирдегі алғашқы екі ойында қазақстандық команда қарсыластарына есе жіберіп қойды.

Алдымен ярославльдік «Локомотивтен», одан кейін челябілік «Тракторден» 1:2 есебімен жеңілді.

Ал «Ак Барс» алдымен «Трактордан» 4:3, «Локомотивтен» 4:2 есебімен басым түсті.

Ал 14 тамызда 3-орын үшін сайыс және финал болады.

Турнирдің тарихы 2020 жылдан бастау алады. Биыл оған алғаш рет шетелдік команда ретінде «Барыс» қатысады.