TANECO Кубогы: Барыс» алғашқы ойында «Локомотив» командасымен кездеседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Барыс» Татарстан астанасы Қазанда шайбалы хоккейден «TANECO Кубогы» турниріндегі алғашқы ойынын Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық клуб үшін «Локомотивпен» кездесу жаңа маусымға дайындық есебінде ерекшеленеді. Ойынға қазақстандық команданың жаңа хоккейшілері қатысады деп күтіліп отыр. Олардың қатарында Джозеф ЛаБейт, Понтус Оберг, Райли Барбер мен Давид Скленичка бар.
Ал «Барыс» сапына қайта оралған Роман Старченко турнирдегі бірінші ойынға қатыса алмауы әбден мүмкін.
Дәстүрлі турнирде «Барыстан» басқа Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) , «Трактор» (Челябинск) және «Ак Барс» (Қазан) командалары ойнайды.
Бүгін елордалық клуб «Локомотив» клубымен кездессе, 11 тамызда «Трактор», 13 тамызда «Ак Барспен» шеберлік байқасады.
14 тамызда 3-орын үшін сайыс және финал болады.
Ойындар «Qazsport» және КХЛ-ТВ телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Турнирге қатысатын «Барыс» құрамын назарларыңызға ұсынамыз:
Қақпашылар: Никита Бояркин, Эдвард Паскуале, Андрей Шутов.
Қорғаушылар: Тамирлан Гайтамиров, Алекс Грант, Самат Данияр, Мәди Диханбек, Кирилл Никитин, Нельсон Ножье, Эмиль Нургалиев, Кирилл Полохов, Давид Скленичка, Егор Шалапов.
Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Райли Барбер, Александр Борисевич, Джереми Бракко, Дмитрий Гурков, Дінмұхамед Қайыржан, Джозеф ЛаБейт, Батырлан Мұратов, Әлихан Өмірбеков, Понтус Оберг, Михаил Рахманов, Кирилл Савицкий, Роман Старченко, Аңсар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.
Турнирдің тарихы 2020 жылдан бастау алады. Биыл оған алғаш рет шетелдік команда ретінде «Барыс» қатысады.