Танымал әуе компаниясы Олимпиадаға байланысты 180 млн еуро шығынға ұшырауы мүмкін

самолет, авиация, авиакомпания
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Француздық Air France KLM әуе компаниясы Париждегі Олимпиада ойындарына байланысты қаржылық шығын көлемін анықтады.

Air France-KLM басшылығы жолаушылар Олимпиада ойындарының алдында және дүбірлі дода уақытында Парижге келуге тартынып отырғанын мәлімдеді. Сәйкесінше, әуе компаниясы әжептәуір шығынға ұшырамақ.

«Air France және Transavia France 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына байланысты жазғы маусымда кірістің төмендеуіне тап болып отыр. Франция астанасына қатынауға ниетті жолаушылардың саны Еуропаның басқа ірі қалаларына қарағанда төмен. Қала мен басқа бағыттар арасындағы саяхат та әдеттегі маусым-тамыз айларындағы орташа деңгейден төмен. Себебі, тұрғындар демалыстарын кейінге шегерген немесе балама саяхат жоспарларын қарастырған сияқты», - делінген әуе компаниясының веб-сайтындағы мәлімдемесінде.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Париж Олимпиадасының билеттері жаппай сатыла бастағанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар