Танымал қытайлық бүркітші қыз Маңғыстауға Амал мерекесіне арнайы келді

АҚТАУ. KAZINFORM – Қытайлық танымал блогер Taotaoaima Маңғыстау өңіріне арнайы келіп, қазақтың көне дәстүрі - Амал мерекесін өз көзімен көрді.

бүркітші қыз
Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform

Ол бұл ерекше мерекені алғаш рет тамашалап, халықтың бір-бірімен көрісіп, ақжарма тілек айтып жатқан сәттеріне қатты әсерленгенін айтты.

- Қазақ халқының қонақжайлылығына және ұлттық дәстүрлердің әлі күнге дейін сақталып келе жатқанына тәнті болдым, - деді Taotaoaima.

бүркітші қыз
Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform

Айта кетейік, Маңғыстау халқы 14-наурыз – Амал мерекесін атап өтіп жатыр. Отпан таудың басында 30 дан астам ағаш үй тігіліп, шамамен 5 мыңға жуық адам жиналды. Алыс-жақын шет елдерден меймандар келіп, шараның маңыздылығын одан әрі арттырған. Түрлі спорттық жарыстар, аламен бәйге, құнан жарыстар өтіп жатыр.

Амал мерекесінде жергілікті халық бір-бірімен көрісіп, бір-біріне ақжарма тілек арнайды. Үлкендер кішілерге бата беріп, елді бірлікке, ықтымаққа шақырады.

Бұған дейін, Бүгін – Амал мерекесі: көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүр туралы жазған болатынбыз

Жетісуда Көрісу күні – Амал мерекесі тойланды.

Соңғы жаңалықтар