Таныстарын «Мектепке жұмысқа орналастырып беремін» деп алдап, ақша алған әйел ұсталды

«Мектепке жұмысқа орналастырып беремін» деп таныстарын алдап, ақша алған әйел ұсталды
Фото: pexels.com

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM –  Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтық жолмен қылмыс жасаған әйелді анықтады.

Күдікке ілінген әйел екі бірдей танысына мамандығы бойынша мектепке жұмысқа орналастырып беретінін айтып, сендірген.

Ол жәбірленушілерден алдын ала қызметі үшін біреуінен 1 миллион теңге, екіншісінен 800 мың теңге көлемінде қаражат алған. Алайда біршама уақыт өтсе де, уәдесін орындамай не ақшаларын қайтармаған. Әйел алған ақшаны бас пайдасына жаратқан.

Полиция қазіргі оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, істің мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.

Бұған дейін Түркістан облысында «Жүргізуші куәлігін алып беремін» деп алаяқтық жасаған ер адамның ісі әшкере болды.

Соңғы жаңалықтар
telegram