«Жүргізуші куәлігін алып беремін»: Түркістан облысында адамдарды алдап, ақша алып келген адам ұсталды
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Түркістан облысында «Жүргізуші куәлігін алып беремін» деп алаяқтық жасаған ер адамның ісі әшкере болды.
Сайрам аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтыққа қатысты қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған ер адамды ұстады.
Белгілі болғандай, жұмыссыз күдікті ер адам танысына «жүргізуші куәлігін алып беремін» деп жалған уәде берген. Жәбірленушіден алдын ала 200.000 теңге ақшасын алып, алдап келген. Ал ақшаны жеке басының пайдасына жаратқан. Тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа да дәл осындай алаяқтықтың 2 фактісіне қатысы барын анықтады.
«Келтірілген шығын көлемі – 600 мың теңгеден астам. Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарламасында.
16 жастағы шымкенттік есірткі жарнамалағаны үшін алты жылға сотталуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.