«Танк биатлоны-2015»: Қазақстандық танкішілер Қырғызстан және Кувейт экипаждарымен бір топта өнер көрсетеді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Танк биатлоны-2015» додасында он үш қатысушы мемлекеттің өнер көрсету кезегі мәлім болды. Жеребе нәтижесі бойынша танкішілеріміз Қырғызстан және Кувейттің танкті экипаждарымен бірге өнер көрсететін болды, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.
None
None

«Дәстүр бойынша экипаждар әртүрлі түстегі танктерде өнер көрсетеді. Командамыз осы жылы жасыл танктерде төртінші болып шығады. Біз өнерімізді паш ететін техниканы қабылдап алдық, танктерді шолып өттік, бағдарды зерделедік. Жарыста әртүрлі кедергілерді еңсеру және жауынгерлік оқ атулары бар төрт негізгі қашықтық көзделген» - деді ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары Әмір Халиков.

Барлық қатысушылар лайықты қарсыластар, қазақстандық құраманың ең мықты қарсыласы Ресей мен Қытайдың танк экипаждары болып табылады. Алайда, танкішілеріміз өздерінің дайындықтарына нық сенімді және олармен бірінші орынға күресуге әзір.

«Танк биатлоны-2015» тамыздың 1-і мен 15-і аралығында Мәскеу облысының «Алабино» оқу-жаттығу орталығында өтетінін айта кетейік. Оған 13 мемлекеттің Қарулы Күштерінің танк экипаждары қатысады, оның ішінде Тәжікстан мен Никарагуаның әскери қызметшілері сайысқа алғаш рет қатыспақ.

Біздің танкті экипаждарымыздың биатлонға қатысуда үлкен тәжірибесі бар. Өткен жылы жалпыкомандалық сынақта олар Қытайдан келген танкішілерді шаң қаптырып, екінші орынды иеленген болатын.

Соңғы жаңалықтар