«Танк биатлоны-2015»: Қазақстандықтар алғашқы сында Қырғызстан және Кувейт экипаждарымен бәсекеге түсетін болды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін қазақстандық танк экипаждары «Танк биатлоны-2015» сайысында бірінші сыннан өтеді. Біздің танкішілерді жеке жарыс 7 шақырымнан тұратын үш айналым күтіп тұр.
None
None

Әр елден Т-72 танкісінде бір-бір экипаждан қатысады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«Ресей тарапымен барлық қатысушыларға ұсынылған танктер су жаңа. Биылғы жылы танк биатлонының тас жолы біршама күрделенді, ережелер күшейтілді. Біз соңғы тексерулер мен дайындықтарды өткізіп жатырмыз. Экипаждар толық әзірлікте, сақадай сай», - деді «Алабино» полигонынан ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Әмір Халиков.

Жарыста қазақстандық танкішілермен бірге Қырғызстан мен Кувейттің танк экипаждары өнер көрсетеді.

«Танк биатлоны-2015» 1 тамызда «Алабино» полигонында басталғанын естеріңізге сала кетейік. Осы жылы байқауға қатысушы елдердің рекордтық саны асып жығылады.

Екі апта ішінде Қазақстан Құрлық әскерлерінің танк экипаждарына Ресей, Қытай, Үндістан, Ангола, Венесуэла, Кувейт, Монғолия, Никарагуа, Армения, Сербия, Тәжікстан және Қырғыстанның танкішілерімен сайысуға тура келеді.

Соңғы жаңалықтар