Танымал актер Меңтай Өтепбергенов қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меңтай Өтепбергенов көз жұмды, деп хабарлайды «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметінен.
None
None

Меңтай Смағұлұлы Өтепбергенов 1946 жылы 7 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылында дүниеге келген. Мәскеу цирк училищесін, Сергей Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтын тәмамдаған. Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, кино әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанда пантомимо өнерін қалыптастырушы.

Жерлеу рәсімі бейсенбі, 7 қаңтар күні өтеді.

Соңғы жаңалықтар