Танымал әнші Елена Ваенга мұсылман бауырлардан кешірім сұрады

АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Ресейлік танымал әнші Елана Ваенга өзінің сауатсыздығы үшін кешірім сұрады,
None
None

деп жазды Утро. ру.

Ресейдегі ең бай әншілердің санатына жататын ол өзінің сайтында: «Менің бүгінгі күндегі жалғыз қалауым  - Мұсылман бауырларымнан кешірім сұрау! Мешітті, орысша мечеть деген сөзін «мичеть» деп жазғаным үшін, «е» әрпінің орнына «и» әрпін жазғаным үшін кешірім сұраймын! Кешіріңіздер, бұны жазған кезде қаһардың «тұтқынында» болдым! Эмоция мен сауатсыздық! Кешіріңдер!», деп жазған.

Бұған дейін танымал әнші өзінің сайтында шіркеуде «жынданып» ән салған, «концерт» қойған Pussy Riot тобының әрекетін жазған болатын. Ваенганың айтуынша, панк-топтың орындаушылары оның діни намысына, сезіміне тиіп, қорлаған. Ол оларды кешірмек түгілі, сотталуын қалайтын көрінеді. Әнші атап өткендей, олар өздерінің «концерті» үшін мешітті не болмаса синагоганы емес, шіркеуді таңдап алғандары кездейсоқтық емес.

«Егерде олар ол жерге аяқтарын аттап басқанда, сотқа дейін «жете алмас» еді. Мұсылман бауырлар оларға сол кезде-ақ кешірудің «көкесін» көрсетер еді», - деп жазды Е. Ваенга. Айта кетейік, әнші мешітті, орысша мечеть сөзін үш рет «и» әрпі арқылы жазған. Жалпы алғанда хатта әріп қателері өріп жүрген болып шықты.

Соңғы жаңалықтар