10:36, 30 Мамыр 2018 | GMT +5
Танымал бапкер: Головкин-Альварес реваншында Канело жеңеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокс әлеміне еңбегі сіңген бапкерлердің бірі Фредди Роуч Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің екінші жекпе-жегі туралы өз пікірімен бөлісті.

Реванш 15 қыркүйекке жоспарланған, алайда қаржылық келіспеушіліктер салдарынан болмауы да мүмкін, деп жазды Sports.kz.
«Бұл бокстағы үздік жекпе-жектердің бірі, ол бізге қажет. GGG - менің жақсы досым, маған ұнайды, бірақ ол рематчта жеңеді деп ойламаймын. «Канело» күн өткен сайын жақсарып келеді. Головкин соңғы айқасында қолынан келгенінің бәрін істеді. Ол нокаутпен жеңбесе, қатты таңғалар едім. Екінші айқасты (Головкин мен Альварестің) тезірек өткізу керек, себебі GGG қартайып барады. «Канеломен» бірінші жекпе-жекте бұрынғыдай айқаса алған жоқ. Сол үшін «Канело» жеңеді деп ойлаймын, себебі ол қазір жас», - деді Роуч Fight Hub TV-ге берген сұхбатында.