Танымал қарағандылықтар ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Замандас» байқауының «Кәсіп аңызы» атты арнайы марапатына ие болды

РАҒАНДЫ. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Қарағанды қаласында жақында жыл сайын өткізілетін «Замандас» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
None
None

«Біз - қарағандылықтармыз» жобасының аясындағы «Замандас» байқауы төртінші рет өткізіліп отыр. Біз түрлі қызмет салаларында жұмыс істеп қаланың дамуына ерекше үлес қосқандарды марапаттап отырмыз. Биылғы жылғы байқау Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналады», - деп атап көрсетті ұйымдастырушылар.

Биылғы жылғы мерейтойлық датаның құрметіне дәстүрлі аталымдардан басқа танымал қарағандылықтар үшін «Кәсіп аңызы» атты қосымша арнайы марапат жарияланды.

«Тәуелсіздіктің мерейтойына орай біз ерекше бір іс жасағымыз келді. Біздің әйгілі қарағандылықтарды қала дамуына қосқан үлестері үшін марапаттау идеясы ойға келді», - деді «Қарағанды облысы кәсіпкерлерінің қауымдастығы» АҚ-ның атқарушы директоры Гүлнар Құрбанбаева.

«Кәсіп аңызы» арнайы марапатының иегерлері қатарына Қарағанды қаласының құрметті азаматтары: қаланың бұрынғы әкімі Шаймерден Оразалинов, ҚР ҰҒА академигі Зейнолла Молдахметов, халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің бұрынғы төрағасы, ҚР білім саласына еңбегі сіңген қызметкер Сұлтан Досмағамбетов, «Қарағандыкөмір» ӨБ-нің бұрынғы бас директоры, ҚазКСР-ның еңбегі сіңген кеншісі, профессор Николай Дрижд, сондай-ақ Қарағанды теледидарының бірінші дикторы Галина Рахымова, еңбегі сіңген спорт шебері, атақты боксшы Серік Нұрқазов, медицина ғылымдарының докторы, профессор, хирург Сергей Лохвицкий, саясатшы, 30 жыл бойы депутат болып сайланған Дмитрий Бойко мен 20 жылға жуық уақыт аймақтың мәдени өмірін басқарған Рымбала Омарбекова бар.

Лауреаттар үшін сыйлықтарды ұйымдастырушылар жергілікті зергер мамандарға тпсырыс берді. Оларға күмістен жасалған «Кәсіп аңызы» жазуы бар кәдесыйлық белгі табыс етілді.

Байқау жеңімпаздары сондай-ақ тоғыз аталым бойынша таңдалды. Марапатқа білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, БАҚ, ғылым, бизнес, саясат және үкіметтік емес сектор салаларындағы үздік қайраткерлер ие болды. Лауреаттарға «Замандас» мүсіншелері тапсырылды.

«Замандас» байқауының ұйымдастырушысы - Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен «Қарағанды облысы кәсіпкерлерінің қауымдастығы» АҚ болды.

Соңғы жаңалықтар