Танымал журналист Әлішер Сүлейменов Қорғаныс минстрінің кеңесшісі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлішер Сүлейменов Қорғаныс минстрінің идеология, ақпарат және коммуникация жөніндегі кеңесші болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрлікке сілтеме жасап.
None
None

Әлішер Сүлейменов әр жылдары отандық бұқаралық ақпарат құралдарында бас редактор, бас продюсер, директорлар кеңесінің төрағасы, медиахолдингтердің басшысы лауазымдарын атқарған.

Ұзақ уақыт Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің, Орталық сайлау комиссиясы төрағасының кеңесшісі лауазымдарында жұмыс істеді.

Журналистика және кинематографиялық өнер, Ғылым академияларының академигі, Қазақстан Республикасы кинематографистер және Журналистер одақтарының мүшесі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Қоғамдық келісімді нығайтуға және Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» медалімен марапатталды.



Соңғы жаңалықтар